Бас жаңалықтар
БҚО-ға 14 мың доза көлемінде коронавирусқа қарсы вакцина келді
11 Сәуiр 2021, 07:36 315

БҚО-ға 14 мың доза көлемінде коронавирусқа қарсы вакцина келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибековтің мәліметінше, бүгінге  дейін 10095 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алған. 

Осы уақытқа дейін облысымызға вакцинаның 20 300 дозасы келіп түсті, оның ішінде 10 150 доза – I компонент, 10 150 доза – II компонент.  Бүгінгі таңда І компоненттің жалпы 10 150 дозасының 99,4 % егілді, бұл 10 095 адам. Күні кеше 14 000 доза көлемінде жаңа партия келіп түсті. Бұл І компонент үшін. Вакцинация кезеңділікпен және кесте бойынша жүргізілуде. Қазіргі кезде, қаулыға сәйкес, бірінші кезекте, халықтың коронавирусты инфекцияға шалдығу қаупі жоғары болып табылатын деңгейлері вакцинациялануда. Әр кезең толығымен қамтылған сайын иммундауға жататын халықтың қалған бөлігін одан әрі вакцинацияланатын болады, – деді Арман Қалибеков.

Облыс бойынша 30 медициналық ұйымда  екпе кабинеті жұмыс жасайды. Екпе алуға жазылу үшін тіркелген емханаға хабарласу қажет. Әр емханада вакцинация жөнінде ақпарат бұрышы ұйымдастырылған және жауапты мамандар бекітілді.

Айта кетейік, облыста 1 ақпаннан бастап COVID-19 қарсы вакцинация басталды.



Фото: Болат АСКЕР
Загрузка...