БҚО-да жүк көліктері соқтығысып, екі адам мен 39 жылқы өртеніп кетті

16 Мамыр 2021, 15:48
2407
Бөлісу:
БҚО-да жүк көліктері соқтығысып, екі адам мен 39 жылқы өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында екі жүк көлігі соқтығысып, екі адам мен 39 жылқы отқа оранды, деп хабарлады mgorod.kz

КамАЗ-дың жылқы тиелген тіркемесі бар болған, ал Mercedes-Benz көлігі жүксіз, бос келе жатқан. Екі ауыр көлік соқтығысып, салдарынан жүк көліктері өртеніп кеткен. 
 
БҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 15 мамырда сағат 23.56-да Қаратөбе ауданының маңында, Самара-Шымкент тасжолының 464-ші шақырымында болған.

   
40 жылқы тиелген КамАЗ және түрік нөмірлерімен тіркелген Mercedes-Benz Actros фурасы бетпе-бет соғысқаннан кейін өрт шықты. Ауыр жүк көліктері толық өртеніп кетті, 39 бас жылқы да отқа оранды. Көліктерден күйген екі мәйіт шығарылды, бір адам әртүрлі жарақаттармен Сырым аудандық ауруханасына жеткізілді. Қаза тапқандардың кім екені анықталып жатыр, - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Өрт сағат 04.47-де сөндірілді.

Өзгелердің жаңалығы