БҚО-да жол апатынан 2 адам көз жұмды

19 Маусым 2021, 03:22
2322
Бөлісу:
БҚО-да жол апатынан 2 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО-да «Жолда қабылдау» акциясы өткізілуде, деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика бойынша ұйымдастырылған шара екі күнге жалғасады. Халықпен тығыз байланыс орнатып, тұрғындардың көкейіндегі сауалдарына жауап беруге бағытталған арнайы акция республикалық деңгейде өтуде. Тұрғындар әкімшілік және жергілікті полиция, көші-қон қызметі мәселелері бойынша полиция департаментіне жүгіне алады.

Акция санитарлық нормаларға сәйкес онлайн түрде Instagram әлеуметтік желісіндегі полиция департаментінің ресми парақшасында өтуде. Тікелей эфирде толғандырған сұрақтарын қойған оқырмандарға құқықтық кеңес берілді.

Жүргізуші куәлігін алу, әкімшілік айыппұлдарды төлеу мерзімі және көлік құралдарын тіркеу, сондай-ақ ҚР Көші-қон заңнамасына сәйкес шетелге шығу, жеке куәлік алу сынды сұрақтар оқырмандар тарапынан қойылды. Онымен қоса, облыс көлемінде өткізілген жедел алдын алу іс-шаралары туралы, облыс аумағында орын алып жатқан жол апатының салдары туралы қосымша ақпараттар берілді. Қазір әлеуметтік желіде ақпараттар тез тарайды. Мәселен, бүгін 15.03-те Бәйтерек ауданы Белес ауылы бағытындағы айналма жолда жол апаты орын алды. Volkswagen Passat автокөлігі (жүргізушісі 1959 жылғы ер адам) мен мотоцикл (жүргізушісі 1990 ж.т., ер адам) соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі жүргізуші де оқиға орнында мерт болды. Тікелей эфир барысында 20 минут бұрын орын алған оқиға туралы оқырман оқиғаның анық-қанығын сұрады. Ақпарат барлық БАҚ-тан бөлек, тікелей эфирде жедел түрде жауап берілді, – деп атап өтті БҚО ПД ӘПБ бастығы Тимур Майранов Нұрболатұлы.

 Айта кетейік, «Жолда қабылдау» акциясының ертең соңғы күні. 

Өзгелердің жаңалығы