БҚО-да су сорғы стансасының құрылысы басталады

25 Мамыр 2021, 17:23
5542
Бөлісу:
БҚО-да су сорғы стансасының құрылысы басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев 2021 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы өткен баспасөз мәслихаты барысында айтты.

Мал басының басым бөлігі оңтүстік аудандарға тиесілі. Биыл осы аудандарды сумен қамту мақсатында Сарыөзен мен Қараөзен үшін сатып алынатын Еділ суының көлемін қосымша 47 млн текше метрге көбейттік. Бұдан бөлек, биыл Жайық өзені суын қуаңшылық кезінде пайдалану үшін қуаты тәулігіне 1,2 млн текше метрді құрайтын су сорғы станциясының құрылысы басталады, - деді әкім.

Аймақ басшысының айтуынша, Жайық өзенінің сол жағалауындағы аудандардың 350 мың га дейін жайылым жерлерін суландыруға және Шалқар көлін қосымша сумен толтыруға мүмкіндік беретін үш су каналын реконструкциялау жұмыстары басталады.

Ал Жайық өзенінің мәселесіне тоқталар болсақ, Президент тапсырмасы шеңберінде Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының 2021-2024 жылдарға арналған арнайы бағдарламасы бекітілді. Бұл мәселе күрделі, бір жыл ішінде шешілетін іс емес, толық шешімін табу үшін екі елдін бірлескен іс-қимылы қажет. Қазір ғалымдар мен сарапшылар Жайық өзені бассейнінің зерттеуін бастады, - деді ол.
Бұған дейін Ғани Есқалиев неліктен 1 мамырдан бастап «қызыл» аймақтағы 6 аудан бойынша блок-бекеттер орнатылғанын және облыста 2 жылда 1,2 млн га ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын жерлер анықталғанын айтты.
Өзгелердің жаңалығы