БҚО-да отырғызылған ағаштар қурап жатыр

22 Сәуір 2021, 04:20
1234
Бөлісу:
БҚО-да отырғызылған ағаштар қурап жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында елді мекендерді көгалдандыру есептегі белгі үшін жүріп жатыр. Аймақта отырғызылған ағаштардың шамамен 60-70% қурап қалады, деп хабарлайды «Орал апталығы».

Бұл туралы БҚО әкімі алдағы бесжылдыққа арналған көгалдандыру жоспарын талқылаған жиында айтты. 1 миллион көшет отырғызу керек. Ғали Есқалиев жауаптылардан жасыл желектерге тиісті күтім жасауды талап етті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республика аумағында 2 млрд ағаш және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу туралы тапсырма берді. БҚО әкімдігінде атап өткендей, 2021 жылы 60 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған. Акцияға мемлекеттік органдардың қызметкерлері ғана емес, кәсіпорындар ұжымдары мен жеке тұлғаларды да қосылуға шақырды.

Бес жыл ішінде қала маңына бір миллион ағаш отырғызылуы тиіс. 8 ведомствоға қарасты ұйымдар көшет өсіреді, – деді Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бисенғали Хайруллин.
Елена Уланова қаланы көгалдандыру саласында бірнеше жылдан бері жұмыс істейді. Ол 2015 жылы ағаш отырғызу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысқанын айтады. Бірақ, бұл тәжірибе өте сәтсіз болған.
Бізге 15 миллион теңге төленді. Бұл отырғызу материалының құны болды. Бірақ күтіп, қарауды коммуналдық қызметтерге берді. Барлық ағаштар қурап қалды, – деді Елена Уланова.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев жасыл желектерді күтуге жауапты тұлғаларды анықтау қажеттігін айтты. Оларды ағаштар мен бұталарды суару жиілігі туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету керек.

Біз жыл сайын отырғызамыз, бірақ күтім тиісті деңгейде жүзеге асырылмайды. 60-70 пайызы тамыр жайған жоқ, – деді БҚО әкімі Ғали Есқалиев.

Айта кетейік, сенбіліктер кезінде ағаштарды отырғызуға ғана емес, күтіп-баптауға да ерекше көңіл бөлінеді.




Өзгелердің жаңалығы