Бас жаңалықтар
БҚО-да киіктерді тірідей жерлеген
VIDEO
18 Мамыр 2021, 19:18 1768

БҚО-да киіктерді тірідей жерлеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жануарлардың өлі денелерін жою кезінде бірнеше киік тірідей жерленген. 

Экология министрлігі жануарларға қатыгездік көрсету дерегі бойынша Батыс Қазақстан облысының полициясына жүгінбек.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз хатшысы Самал Ибраева Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Батыс Қазақстан облысында жануарлардың денелерін жою барысында бірнеше киіктің тірідей жерленгені анықталды. Тау ауылдық округінің әкімдігі бірнеше учаскеде жануарларды жинаумен және утилизациялаумен айналысқан. Болған жайт - барып тұрған сорақылық. Сол себепті ішкі істер департаментіне өтінішпен жүгініп, аталған деректі егжей-тегжейлі тергеуді сұраймыз. Соның нәтижесі бойынша бейкүнә жануарларға немқұрайлы қараған адамдар жауапкершілікке тартылуы тиіс, - деп жазды Ибраева.

Министрлік өкілі бұл мәселені барынша тездетіп шешу қажеттігін атап өтті.


Еске салсақ, 13 мамырда БҚО Жәнібек ауданы Тау ауылы маңайында 372 өлі киік табылды. Алдын ала мәлімет бойынша жануарлардың өліміне - жергілікті жердегі ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін. Себебі соңғы кезде елді мекенде найзағай ойнап, толассыз жауын жауған еді. Сонымен қатар киіктердің денесінде найзағай тиген жерлер бар көрінеді.


Фото: дереккөз
Загрузка...