БҚО-да егін даласында тоқ соққан комбайншы мерт болды

22 Шілде 2021, 07:51
3010
Бөлісу:
БҚО-да егін даласында тоқ соққан комбайншы мерт болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында комбайн айдап келе жатқан механизаторды тоқ соқты, деп хабарлайды Мой город порталы.

БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, қайғылы оқиға 21 шілде күні сағат 11:50 шамасында Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Достық ауылынан 4 шақырым қашықтықта болған. 

Астық жинайтын комбайнның тізгініндегі 26 жастағы оператор-механизатор егін даласында жұмыс істеп жатып, электр тарату желісін басып кеткен. Салдарынан оны тоқ соқты. Механизатор оқиға орнында көз жұмды, – деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі. 
Оқиға орнына БҚО төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері барған.
Өзгелердің жаңалығы