БҚО-да браконьерлер ұсталды

28 Қараша 2020, 19:35
1703
Бөлісу:
БҚО-да браконьерлер ұсталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында ақбөкен аулаған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Қазақстан ІІМ баспасөз қызметі.

ІІМ Криминалдық полиция департаменті Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментімен бірлесіп, 2019 жылдың қыркүйегінен бастап 2020 жылдың мамырына дейін облыс аумағында киіктерді заңсыз аулаумен және олардың мүйіздерін өткізумен айналысқан екі қылмыстық топты әшкереледі. Қылмыстық жауапқа 11 адам тартылып жатыр.

БҚО-да браконьерлер ұсталды

Тергеу барысында полиция қызметкерлері 700-ден аса киік мүйізін, тоғыз бірлік атыс қаруын, жеті жол талғамайтын автокөлікті, екі қарда жүргіш пен екі мотоциклді, түнде көру құралдарын және ұйымдасқан қылмыстық топ пайдаланған басқа да заңсыз заттарды тәркіледі.

Ақбөкендерді жою нәтижесінде мемлекетке 700 миллион теңгеден аса шығын келтірілген.

БҚО-да браконьерлер ұсталды

Аталған деректер бойынша ҚР ҚК 337-бабы (Заңсыз аңшылық), 339-бабы 2-бөлігі 2-тармағы (Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) және 262-бабы (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр.

БҚО-да браконьерлер ұсталды

Ақпарат бойынша, жыл басынан бері ішкі істер органдары республика бойынша табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 12,5 мыңға жуық дерегін анықтаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 583 іс тіркеліп, олар бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оның ішінде 221 қылмыстық іс сотқа жолданды. Әкімшілік жауапқа 11 866 құқықбұзушы тартылды.

Өзгелердің жаңалығы