БҚО-да боранға байланысты көлік қозғалысы шектелді

4 Наурыз 2021, 03:20
1539
Бөлісу:
БҚО-да боранға байланысты көлік қозғалысы шектелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты республикалық жолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалы.

Филиалдың мәліметінше, Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына (боран, қатты жел) орай 3 наурыз күні жергілікті сағат 20.30-дан бастап Самара – Шымкент (393-526 км, Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) республикалық маңызы бар күре жолы ауыр және қоғамдық көлік түрлері үшін жабылды.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында ескерту жарияланғанын жеткізді.


Өзгелердің жаңалығы