Қолданыстағы заң кәсіпкерлерге сәтсіз бизнесті тез жабуға мүмкіндік бермейді – вице-министр

29 Мамыр 2019, 11:04
2226
Бөлісу:
Қолданыстағы заң кәсіпкерлерге сәтсіз бизнесті тез жабуға мүмкіндік бермейді – вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі таңда банкроттықты рәсімдеуден 4 мыңға жуық бизнес субектісі өтіп жатыр, 400 кәсіпорын оңалту кезеңінде. Іс жүзінде күрделі қаржылық жағдайдағы бизнес субектілерінің саны әлі де көп. Бұл туралы ҚР бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов Мәжілістің жалпы отырысында айтты.

Мәжіліс отырысында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР заң жобасының бірінші оқылымы тыңдалды. 

Берік Шолпанқұлов, жиын барысында қаралып жатқан заң жобасының негізгі аспектілері мен таныстырып өтті. Оның айтуынша, ұсынылған бастамашылықтар бизнес субектілерінің оңалту және банкроттық рәсімдерін қолдануын белсендендіреді, әрі банкроттық рәсімнің жүргізілу мерзімдері мен шығындарын азайтады. 

«Қолданыстағы заң кәсіпкерлерге сәтсіз бизнесті тез жабуға мүмкіндік бермейді. Әрбір төртінші жағдайда сот банкрот деп танудан бас тартады. Сот субектінің қаржылық жағдайына баға беруі қиын. Болмаса активтің болуын сот қарыздар бойынша есеп айырысу мүмкіндігі ретінде бағалайды. Оңалтуды қолдану кезеңіндегі жағдай да осыған ұқсас. Әрбір үшінші жағдайда сот оңалту рәсімін қолданудан бастартады. Себебі борышкер төлем қабілеттілігі бар немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін ресурстарының бар екенін рәсімдемеген», - деді ол.

Оның айтуынша, жаңа заң жобасы оңалту және банкроттық рәсімдерді қолдану үшін жағдайларды жеңілдетуге, сондай-ақ рәсімдерді жүргізу мерзімін қысқартуға және жұмыс істемейтін борышкерлерді жеңіл түрде таратуға бағытталған. 

«Біріншіден оңалту және банкроттық рәсімдерін қолдану үшін шарттарды жеңілдету. Заң жобасы 3 айдан астам орындалмаған міндеттемелерді және оң байланысы болған кезінде оңалту рәсімін қолдану ұсынылады. Өз кезегінде егер өтініш берген күні субъект дәрменсіздігінің куәсі ретінде теріс байланыс балансы анықталатын болса, сот кәсіпорынды банкрот деп жариялайды. Осылайша, белгісіздік жойылып оңалту және банкроттық рәсімдеріне кіру жеңілдетіледі. Сонымен қатар, заң жобасы қазір тек банкроттыққа бара алатын жеке кәсіпкерлердің оңалтылуына мүмкіндік береді. Тәжірибеде басқа да проблемалар бар. Мысалы, оңалту жоспарын бекіту компанияның күнделікті жұмысын жалғастыруына кепілдік бермейді. Шоттардан және мүліктерден салынған шектеулерді жабу туралы тікелей норма жоқ. Заң жобасында сот оңалту жоспарын бекіткен кезден бастап шоттардан және мүліктерден барлық шектеулерді алу ұсынылады. Жосықсыз субъектілердің оңалтуды қолдануына жол бермеу мақсатында заң жобасында оны қолдану үшін уақытша тиым белгіленген. Осылайша, алдыңғысын тоқтатқан сәттен бастап 6 ай өтпесе оңалту рәсімін қайта қолдануға шектеу көзделген», - деді вице-министр. 

Сондай-ақ, ол жаңа заң жобасы банкроттық рәсім жүргізу мерзімдерін қысқартуға бағытталғанын да айтып өтті.

«Мерзімдерді қысқарту үшін заң жобасында кредиторлар жиналасының бірқатар өкілеттілігін неғұрлым тез әрекет ететін кредиторлар комитетіне беру ұсынылады. Осының есебінен банкроттық рәсім мерзімдерін едәуір оңтайландыру күтілуде», - деді ол. 

Сөз арасында ол  ұзақ уақыттан бері жұмыс істемейтін борышкерлерді банкроттық рәсімін қозғамай жеңілдетілген түрде тарату қажеттігін де айтты.

«Бүгінде банкроттық рәсімнің шығындылығына байланысты оны қолданбайтын бірталай әрекетсіз кәсіпорындар бар. Оларды жабу үшін заң жобасы әкімшіні тартпай борышкерді жеңілдетілген тарату рәсімін ұсынады. Бұл кәсіпкерлік қызметін іс жүзінде тоқтатқан борышкерлерді тез және артық шығынсыз таратуға ммүкіндік береді», - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы