"Бизнеске арналған үкімет" бірыңғай терезесі құрылады - ҰЭМ

28 Қаңтар 2020, 09:48
1439
Бөлісу:
"Бизнеске арналған үкімет" бірыңғай терезесі құрылады - ҰЭМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов еліміздегі кәсіпкерлік пен бизнеске қолдау көрсету мақсатында 2020 жылы қолға алынатын іс-шараларды баяндады.

Үкімет отырысында сөз алған министрдің айтуынша, кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау мен концультацияларды алуын оңайлату мақсатында "Бизнеске арналған үкімет " бірыңғай терезесі құрылады.
Кәсіпкерлікті, бәсекелестікті  дамыту және мемлекет меншігінен алу бойынша кешенді шаралар іске асырылатын болады. Бұл нарықты монополиясыздандыру және әкімшілік-экономикалық кедергілерді жою, сондай-ақ бизнестің мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуларға қол жеткізуін қамтамасыз ету. Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау мен концультацияларды алуын оңайлату мақсатында "Бизнеске арналған үкімет " бірыңғай терезесі құрылатын болады. Агро өнеркәсіптік кешен бойынша ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және агроөнеркәсіптік кешенде мемлекеттік қолдаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалатын болады, – деді Руслан Дәленов.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, 2020 жылдың аяғына дейін елімізде су ресурстарын басқару бағдарламасы әзірленеді және жаңа редакциядағы техникалық реттеу туралы жаңа заң қабылданады. 
Осы жылдың соңына дейін су ресурстарын басқару бағдарламасы әзірленетін болады. Өнеркәсіп және құрылыс бойынша арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда қайта өңдеу өнеркәсібін тиімді дамыту бойынша, сондай-ақ еңбек тиімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылданады. Экспортты арттыру және әртараптандыру бойынша шаралар іске асырылатын болады. Бұдан басқа тұрғын үй салу және инфрақұрылымды дамыту бойынша бағдарлама әзірленеді. Өткізу нарықтарына қолжетуді қамтамасыз ету және электронды сауданы дамыту бойынша шаралар іске асырылады. Осы жылдың соңына дейін жаңа редакциядағы техникалық реттеу туралы жаңа заң қабылданады, – деді министр Үкіметтің кезекті отырысында.

Бұған дейін ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларды орындау аясында орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық даму жоспарын әзірлеу қажеттігін айтқан болатын.
Өзгелердің жаңалығы