Бас жаңалықтар
Бизнеске әкімшілік жүктеме төмендетіледі – Іңкәрбаев
08 Қыркүйек 2021, 12:48 103

Бизнеске әкімшілік жүктеме төмендетіледі – Іңкәрбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Мемлекет басшысының Жолдауындағы бюджет кірісін ұлғайту бойынша ауқымды шаралар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда шағын және орта бизнестің жосықсыз субъектілерін көлеңкеден шығару, қолма-қол ақшасыз айналымды әкімшілендіру және фискалдық заңнаманы сақтау бойынша жұмыс күшейеді. Бұл ретте процестерді цифрландыруға басымдық беріліп жатыр, - деді Іңкәрбаев.

Ол атағандай, толыққанды режимде тауарларды қадағалап отырудың Ұлттық жүйесін іске қосу жоспарланып отыр.

Цифрлық сауаттылықты әкімшілендіруде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін енгізу тиімдірек болып есептеледі. Онда тауарларға құжаттамалық қадағаулар жүргізіледі. Жалған шот-фактураларға жол бермеу бойынша жүйелік іс-әрекеттер қолданылады. Бизнеске әкімшілік жүктеме төмендетіледі. Бұзушылықтар қашықтан анықталып, олардың барлығына хабарлама жолданады, - деді ол.

Жайдар Іңкәрбаев биыл 40 мыңға жуық электронды хабарлама жолданғанын айтты. Олардың нәтижесінде 132 млрд теңге салық қосымша есептелген.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...