Жамаубаев: Біздің міндет – елдің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге бағытталған бюджет құру

15 Маусым 2021, 12:02
7950
Бөлісу:
Жамаубаев: Біздің міндет – елдің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге бағытталған бюджет құру

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев халық алдындағы есеп беру кездесуі кезінде айтты.

Министр өткен жылы Бюджеттік кодекске өзгертулер енгізілгенін атап өтті. Оның мақсаты - бюджетті қалыптастырудың жаңа механизмін енгізу. 

Кодекстегі өзгертулерге сәйкес, әкімшілік бюджеттің шығындарының лимиті белгіленіп, стратегиялық міндеттерге басымдық берілді. Сонымен қатар мемлекеттік органдармен бірлесіп экономиканың әр саласына қатысты Ұлттық жобалар әзірленуде. Біздің міндет - елдің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге бағытталған бюджет құру, - деді министр. 

Оның айтуынша, Ұлттық қор бюджеттің негізгі компоненті. 

Бірінші маусымдағы жағдай бойынша оның активі 27,6 трлн теңгені құрап отыр, оның ішіндегі валюталық портфель - 58,5 млрд доллар. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қор 744 млрд теңгеге өскенін атап өту керек. Министрлік қордың сақтау функциясын жетілдіруге бағытталған жұмыстарды қолға алды. Бюджеттік кодекске де Ұлттық қордан бөлінетіні кепілді трансферттердің мөлшерін кезең-кезеңімен қысқарту және контрциклдік бюджет тәртібін енгізу көзделген. Бұл шаралар Ұлттық қор активтерінің жинақталуына және мұнайға тәуелділіктің төмендеуіне негіз болады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы