Біздің елде бизнес мемлекеттік қызметке тәуелді – Айдос Сарым

27 Шілде 2020, 11:25
2463
Бөлісу:
Біздің елде бизнес мемлекеттік қызметке тәуелді – Айдос Сарым

Нұр- Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы танымал саясаттанушы Айдос Сарым "Antikor Live" жобасы аясында өткен онлайн баспасөз конференциясында айтты. 

Қазақ қоғамы туралы түсінігіміз қаншалықты дұрыс деген мәселе бар. Шынын айту керек, біз өзіміздің бойымыздағы кейбір қасиеттердің жемқорлыққа бұрып тұратыны анық. Рушылдық, ағайыншылдық дейміз, басқа дейміз. Біздің этноқасиеттеріміз бізге көмектескен кездері де болды. Кеңес кезеңінде, урбанизация Қазақстандағы жемқорлық  нарық келгелі дәстүрден айырылып, жемқорлық келді деген жауыр болған түсінік бар. Біздегі жемқорлық Брежнев кезеңінде басталған үлкен жемқорлықтың жалғасы. Кеңес заманында тұңғыш коммерциялық банк Қазақстанда пайда болған. Кеңес кезіндегі тәуелсіз жеке меншік ЖОО да Қазақстанда ашылды. Біздің қоғамда журналистік зерттеу, детектив деген жоқтың қасы, - деді Айдос Сарым. 

Саясаттанушы айтып өткендей, жемқорлық бұрынғы әкімшілік жүйеден қалған жемқорлықты жалғастырып келе жатырмыз. 

Жемқорлық сіздің ұйымның жетектеп, түрмеге апаруы емес. Ол біздің қоғамның оны қабылдамауы. Жемқорлықты біз өз дәрежемізде жеңу үшін не істедік? Тойға барамыз, өлімге барамыз. Сонда да біраз мәселе көрініп қалады. Қазақстан қоғамында ата-баба дәстүрі бойынша түрме болмаған. Қазақтың қиянатты нәрсемен күрестің басты жолы – қоғамдық пікірге тәуелділік және аластату. Жемқорлықты опасыздықтың бір түрі деп қабылдайтын болсаң, тойына барма, өлсе, топырақ салма. Әбден қара бет болып, өзімен-өзі далада алжып өлсін. Жемқорларды ұстап жатса, бір жағынан аяп отырамыз. Түрмеден шыққандардың өзін үлкен көсем етіп тағайындап қоямыз. Мысалы, шетелде кеше ғана жемқорлықпен түрмеде отырып шыққан адам белгілі компанияға бастық болып отырғанын елестете алмаймын. Қазақ қоғамы жемқорлықтан толық шаршаған жоқ. Толық шаршаған кезде оған төзбей, оны қабылдамай қояды. Қоғам оған пісіп келе жатыр. Қоғамда неше түрлі жақсы үрдістер пайда болып жатыр. Билік Құдай болудан қалды. Қазір "ойбай, әкім келді" деп, кілем төсейтін заман емес, - деді ол. 

Айдос Сарым Қазақстанда капиталдың алғашқы жинаудың сатысы аяқталғанын айтты. 

Капитализм пайда болған кезде оны заңсыз жолмен жинаған да, басқасы да бар. Баюдың ең үздік жолы мемлекет құрылып жатқан кезде немесе қираған кезде қалыптасады. Бизнес деген тез жаңарып отыратын ұғым. Бизнестің көбі ақшаны ісін дамыту үшін, марқаю үшін жинайды. Біздің елде бизнес мемлекеттік қызметке тәуелді, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы