Бізде өзбек капиталы бар 1200-ден астам компания жұмыс істейді – Сұлтанов

27 Қараша 2021, 12:47
742
Бөлісу:
Бізде өзбек капиталы бар 1200-ден астам компания жұмыс істейді – Сұлтанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық келіссөздердің соңғы аптасы едәуір көлемінде өзбек бағытына арналды, деп жазды  Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жақында Өзбекстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. 

Соңғы күндері біз келіпқол жеткізген Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері келіссөздерінің нысанасы болатын көптеген уағдаластық - екі елдің сауда дипломаттарының мұқият және көп айлық дайындығының нәтижесі. Біздің мемлекеттеріміз - өңірдегі аса ірі экономикалар. Біздің мүмкіндіктеріміздің синергиясы бүкіл Орталық Азияның дамуына түрткі болуға тиіс. Бұл туралы бүгін Түркістанда өткен Қазақстан мен Өзбекстан өңіраралық ынтымақтастығының ІІІ форумында айтқан болатынбыз. Форум іс жүзінде екі экономика әлеуетінің, Бизнестің кооперацияға мүдделілігінің және бірлескен өніммен бірге экспортқа шығу мүмкіндіктерінің «демонстрациялық алаңына» айналды, - деді ол.
Министр енді бизнес азық-түлік тауарларын, жеміс-көкөніс өнімдерін, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс және химия өнеркәсібі тауарларын біріге шығара алатынын айтты.
Біз шекара маңы ынтымақтастығын, дәлірек айтқанда – өнеркәсіптік саясатты бірлесіп жүргізуді көп талқыладық. Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында құрылатын «Орталық Азия» сауда-логистикалық хабын бастапқы форматы ұзақ талқылаулардан кейін біз халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығына айналдыру керек деп шештік. Негізінде, біз бірлескен экспорттық өнімді құру жолында қадам жасаймыз. Мұндай тауарлардың тізімі өте үлкен. Біздің бизнесіміз азық-түлік тауарларын (ұн, макарон өнімдері, кондитерлік өнімдер, май өнімдері, ет өнімдері), жеміс-көкөніс өнімдерін, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс және химия өнеркәсібі тауарларын біріге шығара алады, - деді министр. 
Ол екіжақты сауданы дамытуда АӨК және тауар өткізу жүйелеріндегі жобалар бойынша идеялар да бар екенін айтты.
Бізде өнеркәсіптік кооперацияның көптеген мысалдары бар. Мысалы, Қостанайдағы машина жасау кәсіпорындары (Chevrolet авто және saz автобустарын құрастыратын зауыттар – бұл ҚР-ӨР БК) немесе Ташкент облысындағы автоклавты газобетон. Өзбекстанда бүгінде қазақстандық капиталдың қатысуымен мыңнан астам кәсіпорын, ал біздің елімізде өзбек капиталы бар 1200-ден астам компания жұмыс істейді. Осы БК-ның көбі - экспортқа бағдарланған. Бұл сыртқы нарықтарға бағытталған ынтымақтастық. Оны тереңдетудің барлық перспективасы бар. Екіжақты сауданы дамытуға келетін болсақ, АӨК және тауар өткізу жүйелеріндегі жобалар бойынша идеялар өте көп, - деді ол.

Қазақстан-Өзбекстан-Ресей үшжақты жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды

Біз оңтүстіктен жеміс – көкөніс өнімдерін кепілді жеткізуге, Өзбекстан біздің тамыр жемістеріміз бен астықтарымызды кепілді жеткізуге мүдделіміз. Қазір өзара азық-түлік жеткізу мүмкіндігін талқылаудамыз.
Осымен бірге Қазақстан-Өзбекстан-Ресей үшжақты жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Кеденмен, сертификаттау жүйесімен көптеген мәселелерді келісу, бүкіл жол бойында жүктерді шоғырландыру және тарату алгоритмін әзірлеу қажет.  Екіжақты мәселелерді талқылаудың кең форматы біздің елдеріміздің Премьер-министрлерінің төрағалығымен өткен бірлескен Үкіметаралық комиссияның 19-шы отырысының хаттамасымен бекітілді. Отырыс барысында комиссияның 2019 жылы Ташкент қаласында өткен отырысында қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы хабарлаған болатынбыз. Пандемияға қарамастан, нақты сипаттағы нұсқаулардың 60 проценті орындалды. Ал орта мерзімді міндеттер жаңа талаптарды ескере отырып нақтыланып, жаңа хаттаманың негізін құрады. Біз талқылаған және өзбек әріптестерімен талқылауды жалғастыратын көптеген маңызды мәселелер бар. Экономикалық жақындасу жолындағы негізгі саяси шешімдер мен одан әрі қозғалыс векторларын жақын арада Президенттер Тоқаев пен Мирзиеевтер белгілетін болады, - деді ол.

Алдағы күндері Женевада Қазақстанның төрағалығымен ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясы басталады.

Онда әлемдік сауда жүйесі мен барлық елдер үшін өте сезімтал және өте маңызды мәселелер бойынша консенсус іздеу туралы пікірталастар болады. Оның ішінде ДСҰ реформасы бойынша да, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы