Бізде оң қол сол қолдың не істеп жатқанын білмейді – Божко АШМ жұмысын сынға алды

11 Қаңтар 2019, 12:58
1872
Бөлісу:

Астана, baq.kz тілшісі. Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко Ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмысын сынға алды.

«Біріншіден, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация деген не екенін айту керек. Сіздер неліктен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация деп аталғанын сезіп отырған шығарсыздар. Бұл – тұтынушылардың азық-түлік мәселелерін шешуге бағытталған корпорация, экономикалық механизм. Ол баға өсімін болдырмау үшін құрылған. Қандай да бір құралдар болуы тиіс. Менің байқауымша, біздің басты проблемамыз – Ауыл шаруашылығы министрлігінің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациядағы ауыл шаруашылығы саласымен терең айналысқысы келмейтіндігінде. Мен бұл қызметтің үйлестірушісі кім екенін білгім келеді», - деді Божко Мәжілістегі жиында.

Оның айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл салада дұрыс жұмыс істемей отыр. Ал, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация бұл бірегей механизм. Ол екі жылда АШМ-нің қаржы интитуттары он жылдап істей алмай жүрген жұмысты істеді. Дегенмен, кей жерлерде корпорацияларды дұрыс жолға қоя алмағандар да бар екен. 

«Бізде оң қол сол қолдың не істеп жатқанын білмейді. Ал бұл болса, бірегей құрал. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация басшылары, ауыл шаруашылығы жөніндегі әкім орынбасарлары, неге үнемейсіздер? Сіздерге не керек, сіздерге не кедергі келтіреді? Біз сіздерден ұсыныстарды қинап сұрап алуымыз керек пе? Кешіріңіздер, бірақ мен сіздерге бәрібір деп ойлап отырмын», - деді Владимир Божко.

 Атап өтсек, бүгін Мәжілісте «Ауылдық жерлерде шағын және орта бизнесті дамытуда Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың рөлі туралы және осы негізде жоғары сапалы азық-түлік өнімдерін үзіліссіз қамтамасыз ету туралы» дөңгелек үстел өтті.
Қымбат Елтайқызы
Өзгелердің жаңалығы