Бас жаңалықтар
#BizBirgemiz: Жоғарғы соттың судьялары қар тазалауға шықты
25 Қаңтар 2020, 06:27 137

#BizBirgemiz: Жоғарғы соттың судьялары қар тазалауға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғарғы соттың судьялары мен аппарат қызметкерлері #BizBirgemiz челленджі бойынша Жоғарғы сот органы ғимаратының аумағын тазалауға шықты. Бұл туралы ведомствоның ресми сайты хабарлады.

Қарлы-боранды елорданы ғана емес, сонымен қатар басқа да өңірлерді қамтыды. Сондықтан эстафетаны Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен қатар, Қарағанды облыстық сотына да жолдаймыз, – деді Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Наиль Ахметзәкіров.

#BizBirgemiz эстафетасын Жоғарғы сот ұжымы Конституциялық кеңес аппаратынан қабылдады. Айта кетейік, елорда жастары әлеуметтік желіде қар күреу челленджін бастады.

Елорда еріктілеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау білдірді.


Фото: дереккөз
Загрузка...