#Bizbirgemiz. At-travel.kz клубы 103 қызметінің мамандарына түскі ас беруді қолға алды

1 Сәуір 2020, 21:25
1897
Бөлісу:
#Bizbirgemiz. At-travel.kz клубы 103 қызметінің мамандарына түскі ас беруді қолға алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысының #Bizbirgemiz бастамасының негізінде Елордадағы At-travel.kz клубының мүшелері 103 қызметінің мамандарына түскі ас беруді қолға алды.

 

Еліміздегі төтенше жағдайларды, карантин уақытындағы қиындықтарды бірлесе еңсеру мақсатында At-travel.kz клубының азаматтары атынан 103 диспетчерлік қызметінің мамандарын түскі аспен қамтамасыз етуді қолға алып отырмыз. Бұл шараға, яғни тамақ дайындап беруге "Азия" мейрамханасы қолұшын созып отыр – дейді салтаттылар клубының мүшелері.

 

1138bb97-02fd-448c-9e17-ed0cd6778fa0.jpg

Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан орталық диспетчерлік қызметінде қазіргі таңда 20 адам жұмыс істеп жатыр.

 

Коронавирусқа байланысты болсын, басқа жағдай болсын қандай да бір төтенше жағдай болғанда халық әуелі бізге қоңырау шалады. Осы жерде отырып біз кімнің қайда хабарласуы керегін, қандай қызметке жүгінгені дұрыс екенін айтамыз. Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатырмыз. Тәулік бойы тоқтаусыз қоңырауларға жауап бергенде түскі асымызды ішіп үлгермейтін сәттер жиі болып тұрады. Дегенмен, жәйланып отырып, түскі тамақ ішіп отыратын уақыт жоқ. Соған орай At-travel.kz клубының мүшелері көмектесіп, түскі тамғымызды осы жерге әкеп беріп жатыр. Ол үшін осыны ұйымдастырып, бізге көңіл бөліп жүрген азаматтарға, Берік Ақылбеков ағамызға алғыс айтамыз – дейді орталық мамандары.

 

WhatsApp Image 2020-04-01 at 18.35.08.jpeg

Бұл бір реттік қана тамақтандыру емес. Карантин уақыты аяқталғанша осылай жалғаса береді.

 

Осындай қиын-қыстау кезде біз бір-бірімізге қолдау білдіруіміз керек. Жігіттердің ақшасы қалтасына симай баражатқандығынан емес, ел болып осы індетті жеңіп шығу үшін жұмылып жүр. Бір адамға 650 теңге көлемінде түскі ас беріледі. Әрине, қолұшын созып, көмектесемін деген жігіттерге қарсы емеспіз, көп көтерген жүк жеңіл. Ең бастысы еліміз аман болып, осы індетті жеңіп шықсақ болғаны. Жерлестерімізді, азаматтарды осындай игі істерді қолға алып, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге шақырамыз – дейді At-travel.kz клубының жетекшісі Берік Ақылбеков.

 

WhatsApp Image 2020-04-01 at 18.35.09 (1).jpeg

At-travel.kz клубы осыдан бес жыл бұрын құрылған. 2016 жылы – Астана-Бұйратау-Баянауыл; 2017 жылы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында – Астана-Бұйратау-Баянауыл-Қарқаралы; 2018 жылы Астананың 20 жылдығына орай – Астана-Бұйратау-Баянауыл-Қарқаралы; 2019 жылы "Киелі Қазақстан" бағдарламасы негізінде - Астана-Бұйратау-Баянауыл және Нұр-Сұлтан-Қорғалжың; 2020 жылы Бұқар жырау кесенесі бағыттарына салт атпен сапар шеккен. 2020 жылы яғни биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл, Алтын Орданың 750 жыл қатарлы мерейтойлар аясында Нұр-Сұлтан-Жидебай, Ұлытау-Нұр-Сұлтан бағыттарына салт атпен сапар шегу жоспары бар.

Клуб құрамында Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Ақмола, ШҚО, БҚО, Ақтөбе, Қарағанды және Алматы облыстарынан құралған 50 ге жуық мүше бар.

Өзгелердің жаңалығы