#BizBirgemiz акциясы Қарағанды облысын қамтыды 

21 Наурыз 2020, 16:06
1627
Бөлісу:
#BizBirgemiz акциясы Қарағанды облысын қамтыды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысының еріктілері республикалық #BizBirgemiz акциясы аясында облыстың қалалары мен аудандарында тұрғындарға қажетті маска, антисептик таратты. 

Шахтинск
#BizBirgemiz акциясына Шахтинск қаласындағы "Балапан" балабақшасының қызметкерлері қолдау көрсетті. Тәрбиеші Салтанат Жылқыбаева мен оның көмекшісі Эльвира Карбаева "Еркетай" балабақшасындағы әріптестеріне маска тігіп берді.
Қарқаралы 
Қарқаралыда еріктілер аз қамтамасыз етілген отбасыларға, жалғыз басты зейнеткерлерге тамақ, дәрі-дәрмек, маска тарату акциясын өткізді.
Бүгін пандемия кезінде әр азамат жанашырлық танытып, бір-біріне қамқор болуға міндетті деп санаймын. Біз бірлігімізді сақтауымыз керек, - дейді акцияны қаржыландырған азық-түлік дүкенінің иесі Сая Макашева.
Жезқазған
Жезқазғанда "Ұлағат" орталығының әйелдері маска дайындауға тапсырыс алса,  "Жылы жүрек" еріктілер ұйымы оларды тігіп, қала тұрғындары мен қонақтарына таратады. Сондай-ақ Наурыз мейрамы қарсаңында "Жылы жүрек" еріктілері аз қамтамасыз етілген отбасыларға азық-түлік өнімдерімен көмек көрсетті.
Сәтпаев
Сәтпаев қаласында әкімдіктің қолдауымен Шынболат Ділдебаев атындағы  мәдениет және шығармашылық орталығының қызметкерлері 100-ден астам бетперде тігіп, оларды таратуға көмектесті. 
Бұқар жырау ауданы
Бұқар жырау ауданының орталық ауылдық округі жергілікті өндірушілердің бетперделерімен қамтамасыз етілген. А.Ф.Христенко ат. "Қарағанды ауыл шаруашылық тәжірибелік станциясы" ЖШС директоры Бауыржан Қалымовтың бастамасымен 100 мың теңгеге маска тігуге қажетті материал сатып алынған.. Осылайша ол маскамен өз өндірісінің жұмысшыларын ғана емес, сонымен қатар орталық тұрғындарын да қамтамасыз етті. Қолөнершілер күніне 300-400 маска тігіп, оны бірден таратады. 
Ақтоғай ауданы
Ақтоғай ауданының кәсіпкері Дарын Досмахов тек сөзбен ғана емес, ісімен де #BizBirgemiz акциясын қолдап жүр. 
Қарттар мен көп балалы отбасыларға қаржылай көмек көрсетейік. Коронавирусты жеңіп, жаһандық экономикалық дағдарысқа қарсы тұру үшін ұлт ретінде бірігейік. Мен де #BizBirgemiz акциясына қатысып, 500 масканы тегін таратамын. Мен бизнес өкілдерін осы шараға атсалысуға шақырамын, - деді ерікті Дарын Досмахов.


Өзгелердің жаңалығы