Бас жаңалықтар
Біз жастардың мүдделеріне жұмыс істейміз – Аида Балаева
30 Мамыр 2020, 19:36 265

Біз жастардың мүдделеріне жұмыс істейміз – Аида Балаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Нұр-Сұлтан қаласындағы ЭКСПО аумағында орналасқан еріктілердің республикалық штабы мен Қазақстан жастары конгресінің кеңсесінде болды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Республикалық жастар ұйымдарының лидерлерімен кездесу барысында министр жастармен жұмыс жүргізуде әрбір жас ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне байланысты топтармен арнайы адресті қадамдар жасалып, ақпараттық-ағартушылық жұмысты күшейтуге назар аударды.
Біз жастардың әр санатының қажеттіліктері мен мүдделеріне қарай жұмыс істейміз, - деп атап өтті Аида Балаева.
Кездесу қорытындысы бойынша барлық санаттағы жастардың күрделі мәселелерін қамтитын жастар жобаларын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Фото: дереккөз
Загрузка...