Бас жаңалықтар
Біз технологиялық ұлт ретінде қалыптасуымыз керек – Қасымов
12 Қаңтар 2021, 11:36 219

Біз технологиялық ұлт ретінде қалыптасуымыз керек – Қасымов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегі «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Болат Қасымов «Antikor live» жобасында айтты. 

Біз қазіргі заманғы өркениетті ел болып шыңдалып, мықты мемлекеттер арасында тарих қойнауында қалып қоймау үшін технологиялық ұлт ретінде қалыптасуымыз керек. Ол үшін университеттер мен академиялардағы жастарға инвестиция құю керек. Оларды шынайы жұмыспен қамтамасыз етіп, шетелден сарапшыларды шақыру керек. Жетекші ғылыми орталықтармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру керек. Оған біз шикізатты ғана пайдаланып, ғылымды дамытпай отырсақ, жете алмаймыз,-деді ол. 

Қасымовтың айтуынша, бұл жолмен Норвегия жүріп, Қытай қазір жүзеге асырып жатыр. 

Себебі табиғи қазба байлықтары таусылады. Экологияға зардап келіп жатыр, - деді Болат Қасымов. 

Айта кетейік, Қасымов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегі «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмыс нәтижелерін де тілге тиек етті.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...