Біз сіздерді өз проблемаларыңызбен жеке қалдырмаймыз – министр

12 Шілде 2019, 01:19
1272
Бөлісу:
Біз сіздерді өз проблемаларыңызбен жеке қалдырмаймыз – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласының ақсақалдарымен кездескен ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев осылай деп мәлімдеді.

Кездесу барысында, ведомство басшысы төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстары және қала өмірін бір қалыпқа келтіру қалай жүргізіліп жатқанымен бөлісті.

Сонымен қатар, қорғаныс министрі жарылыстың мүмкін себептерін атады. Атап айтқанда, жауапсыздық, қасақана өрт қою, өрт қауіпсіздігін бұзу және т.б.

Арыс қаласының тұрғындары қару-жарақ қалдықтарын жою барысындағы қауіпсіздік шараларына, қалған қару-жарақтарды шығаруға қатысты өздерін толғандырып жүрген барлық сұрақтарын қойды. Сонымен қатар, қаланың кей бөлігінде құрылыс жұмыстарын жеделдету мәлесі де көтерілді.

"Кездесуге келгендер саперлар мен өрт сөндірушілердің еңбегін жоғары бағалап, кәсіби біліктілігіне жақсы баға берді", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұл кездесуге еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қатысты.

 

Өзгелердің жаңалығы