Біз әрбір қазақстандықтың өмірі үшін күресеміз – Тоқаев

8 Шілде 2020, 20:55
1135
Бөлісу:
Біз әрбір қазақстандықтың өмірі үшін күресеміз – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Біз әрбір қазақстандықтың өмірі үшін күресеміз. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардан жасаған үндеуінде айтты. 

Біз ешкімді қиындықта қалдырмаймыз. Әрбір қазақстандықтың өмірі үшін күресетін боламыз. Біз талай зобалаң мен сынақты бастан өткерген, тарихтың талай дауылына бой бермеген халықпыз. Батыр бабалардың жолын жалғаған бүгінгі ұрпақ та қазіргі қиындыққа төтеп береді деп сенмен. Бәлкім, бұл біздің бірлігімізді байқау үшін берілген сынақ шығар. «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» ұйымдаса білсек, бұл сыннан да өтерміз. "Денсаулық – зор байлық" деген халқымыздың дана  сөзінің қадірін түсінейік, - деді ол. 

Президент әр азаматтың амандағы үшін күресейік екендігі айтты.
Баршаңызға денсаулық пен мызғымас бірлік тілеймін, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы