Түймебаев: Біздің міндетіміз – Елбасы бағытын жалғастыру

2 Сәуір 2019, 15:56
3394
Бөлісу:
Түймебаев: Біздің міндетіміз – Елбасы бағытын жалғастыру

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевтың төрағалық  етуімен ҚХА қызметінің негізгі мәселелері бойынша республикалық кеңейтілген кеңес өтті.

Түймебаев: Біздің міндетіміз – Елбасы бағытын жалғастыру

assembly.kz сайтының жазуына қарағанда, ҚХА басшысының орынбасары өз сөзінде 19 наурызда тарихи оқиға орын алғанын, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің конституциялық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқанын еске салды. Оның айтуынша, Елбасының Президенттік өкілеттілікті доғару шешімі туралы айтатын болсақ, біз дамудың біртұтас дәуірінің – Назарбаев дәуірін бастан өткеріп отырмыз.

«Біздің міндетіміз – Елбасы бағытын жалғастыру. Елдің жетістіктері мен ұлылығы. Бұл үшін негіз қаланған. Бес институционалдық реформа, Ұлт жоспары – «Қазіргі заман мемелекеті барлығы үшін» қабылданды, қоғам әлеуметтік және рухани жаңғыртуға белсенді кірісті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа біздің ең жақсы қолдауымыз – Қазақстан игілігі үшін адал және жанкешті жұмыс. Біздің еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жетістігінің даусыз негізі ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі болды. Қазақстан халқы Ассамблеясында жүзеге асырылған ол барлық азаматтардың этникалық және діни тиістілігіне қарамастан нақты теңдігінің пәрменді тетігіне айналды. Бүгін біз дамудың жаңа кезеңіне қадам бастаймыз. Бізге Елбасының стратегиялық бағытының сабақтастығын қамтамасыз ету маңызды», – деді Жансейіт Түймебаев.

Түймебаев: Біздің міндетіміз – Елбасы бағытын жалғастыру

Ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдап, өңір әкімдерімен кеңес өткізгенін айтты.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, әлеуметтік әділ мемлекетке бағыт одан әрі жалғасады. Оны кешенді іске асыру «Нұрлы жол» бағдарламасы, Елбасының жастар жылының ашылуында және «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде берген Бес әлеуметтік бастамалар мен тапсырмалар аясында жүзеге асырылады. Сонымен қатар Елбасы атап өткендей, ұлтаралық қақтығысқа байланысты жекелеген әрекеттер ерекше алаңдаушылық туғызып отыр. Мұндай арандатушылық құқық тәртібі органдары тарапынан да, идеологиялық шаралармен де тез арада бөгелуі керек», – деп атап өтті ҚХА Хатшылығының басшысы және бұл, бірінші кезекте, ҚХА-ның барлық құрылымдарына қатысты.

Түймебаев: Біздің міндетіміз – Елбасы бағытын жалғастыру

Өз сөзінде Жансейіт Түймебаев бүгінде Ассамблея алдында бірлік пен келісімді нығайту бойынша бірқатар маңызды міндеттер қойылғанын ерекше атап өтті. ҚХА Хатшылығының басшысы Ассамблея жұмысының әлеуметтік сипатына ерекше назар аударды, сондай-ақ Жастар жылы аясында, Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары мәнмәтінінде жаңа міндеттер қойды.

Ол ҚХА жұмысын жаңа сапалы деңгейге шығару, әрбір қазақстандықтың елдегі өзгерулер үдерістеріне қатыстылығын қалыптастыру бойынша қызметіне ҚХА-ның барлық құрылымдарының белсенді қатысуы қажеттігін атап өтті.

Түймебаев: Біздің міндетіміз – Елбасы бағытын жалғастыру

Жансейіт Түймебаев 2019 жылы 29 сәуірде «Бейбітшілік пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғырту» атауымен өтетін ҚХА XXVII сессиясының күн тәртібі мен маңыздылығына назар аударды.  

«Бұл сессия біздің еліміздегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайтуды қамтамасыз ете отырып, саяси күн тәртібіндегі маңызды оқиға болуы тиіс.  Осыған байланысты оны жоғары идеологиялық және ұйымдастырушылық деңгейде өткізу қажет», – деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар ҚХА төрағасының орынбасары Қазақстан халқы Ассамблеясының ағымдағы қызметі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы айтты.

Атап айтқанда, кездесу барысында «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ҚР Заңын іске асыру мәселелері талқыланды. Бірінші кезекте - Заңға өзгерістер мен толықтыруларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау.

ҚР Үкіметі ҚР Президентінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы 824 Жарлығымен қабылданған Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейін) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдайды.

Ассамблеяның мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын, Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасын, 2019 жылға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру туралы мәселелер талқыланды.

Түймебаев: Біздің міндетіміз – Елбасы бағытын жалғастыру

Сонымен қатар Ассамблеяның барлық құрылымдарының: Қоғамдық келісім, Аналар кеңестерінің, журналистер клубтарының, медиаторлардың, ҚХА кафедраларының, ғылыми-сараптамалық топтардың, мәслихаттардағы депутаттық топтардың, кәсіпкерлер қауымдастықтарының, ҚХА «Жаңғыру жолы» қозғалысының, этномәдени бірлестіктер белсенділерінің жұмысын жандандыру мәселелері қаралды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік ассамблеялары үшін үлгі ретінде кеңеске қатысушыларды Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту бағдарламасы туралы  елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова хабардар етті.

Атқарылған жұмыс туралы Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Бибігүл Аққожина және Қызылорда облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова баяндады.

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме директоры Эльдар Төлеубеков Шығыс Қазақстан облысы Достық үйінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Кеңес жұмысына ҚХА өңірлік ассамблеялар хатшылықтарының меңгерушілері және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларының «Қоғамдық келісім» КММ директорлары қатысты.

Өзгелердің жаңалығы