Біз індеттің өршіп кетуіне дайын болуымыз керек - ДДСҰ

3 Тамыз 2020, 12:18
1060
Бөлісу:
Біз індеттің өршіп кетуіне дайын болуымыз керек - ДДСҰ

Нұр-Сұлтан,BAQ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да онлайн өткен брифингте ДДСҰ Еуропалық бюросының төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры, ДДСҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, доктор Каролин Кларинвал айтты. 

Қайта кодтаудың мақсаты – дайындықты жақсарту. Біз елде болып жатқан жағдайды саралап, науқастардың саны қанша екенін анықтауымыз керек. Барлығына ем жүргізу бойынша шешім қабылдауымыз керек. Бұл қанша медицина қызметкерін дайындап, емдеу процедураларын әзірлеу керегін көрсетеді. Барлық анықталған және болуы ықтимал жағдайды анықтау денсаулық сақтау саласына дайындықты күшейтуге мүмкіндік береді. Біз індеттің өршіп кетуіне дайын болуымыз керек. Сондай-ақ медициналық ұйымдар барынша дайын екеніне көз жеткізуіміз керек, - деді ол. 

Каролин Кларинвал айтып өткендей, кодтау жүйесі өте күрделі әдіс. 

Қайта кодтау жұмысы өте күрделі. Себебі кез келген денсаулық сақтау жүйесінің қауқары шектеулі. Бұл шектеулі ресурстар әділ пайдалануы керек. Сондықтан да денсаулық сақтау саласы жағдайды болжап отыруы керек. Бүгіннен басталған жұмыс өте маңызды. Бұл қазақстандықтарға көмек көрсету үшін қажет. ДДСҰ Қазақстанның халықаралық ұйыммен жұмыс істеуіне дайын екенін атап өтеді. Олар ұйымға қажетті барлық ақпаратты ұсынуға әзір. Әр адам да өзінен бастап, аурудың таратылмауына жұмыс істеуі керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы