Біз Еуропадағы ұжымдық қауіпсіздікке қол жеткізе алмадық – Кортунов

15 Қараша 2021, 12:32
622
Бөлісу:
Біз Еуропадағы ұжымдық қауіпсіздікке қол жеткізе алмадық – Кортунов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Халықаралық істер жөніндегі Ресей кеңесінің бас директоры Андрей Кортунов «Астана клубының» алтыншы отырысының сессиясында айтты.

Мен ұзақ уақыт бойы ғылыми ортада жұмыс істедім. Сол кезде ұжымдық қауіпсіздікке қарсы болған ешбір саясаткер мен ғалымды көрген жоқпын. Ұжымдық қауіпсіздік – өте тартымды тұжырымдама. Қорғаныс альянстары оны эксклюзивті деп айтуы мүмкін.Белгілі бір мемлекеттердің мүддесін қолдайды деп те ойлауы мүмкін. Бірақ ұжымдық қауіпсіздік бұл инклюзивті тұжырым. Себебі ол барлық елдің басын біріктіріп, демократияшыл ұстанымда, әрбір мемлекет өз ұстанымын айта алады. Ұжымдық қауіпсіздікті әмбебап тұжырым деп те айтуға болады, - деді ол.
Кортунов айтқандай, ұжымдық қауіпсіздік әртүрлі қауіпке жауап ретінде болуы мүмкін.
Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің мінсіз түрі әлемде болмады. Бұл жүйн Еуропада бар, Париж келісіміне де қол қойдық. Жаңа ұжымдық қауіпсіздіктің жол картасы Еуропада бар деуге болады. Бұл құжатты басқа да құжаттар мақұлдап, күшейтті. Оның ішінде Астана декларациясы да бар. Шынында да, біз Еуропадағы ұжымдық қауіпсіздікке қол жеткізе алмадық. Біз одан алыстап кеттік. Одан әрі асып кеттік, – деді Андрей Кортунов.

Өзгелердің жаңалығы