«Біз – ел патриотымыз» халықаралық жастар форумы өтті

4 Маусым 2021, 16:47
3677
Бөлісу:
«Біз – ел патриотымыз» халықаралық жастар форумы өтті
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордада «Біз – ел патриотымыз» атты халықаралық жастар форумы өтті.

«Біз – ел патриотымыз» халықаралық жастар форумы өтті

Форумға 300 адам қатысты. Сонымен бірге жиында Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Түркия, АҚШ, Франция жастар ұйымының өкілдері мен ҚР Парламенті, қалалық мәслихатының жас депутаттары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері және Қазақстанның «100 жаңа есімі» жеңізпаздары болды.

«Біз – ел патриотымыз» халықаралық жастар форумы өтті

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев форум қатысушыларына құттықтау хатын жолдады.Оның үндеуін жиналыс модераторы, Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат оқыды.

«Біз – ел патриотымыз» халықаралық жастар форумы өтті

Жастар – қоғамның қозғаушы күші, үкілі үміті. Егемендік жылдары елімізде санасы азат, ойы сергек тұтас бір жаңа буын қалыптасып, өсіп жетілді. Өздеріңіз білетіндей, әр ұлттың бәсекеге қабілетті болуы ең әуелі білім сапасымен өлшенеді. Сіздер заман талабына тез бейімделіп, қиындыққа қасқая қарсы тұруға тиіссіздер. Бүгін де, дағдарыстан кейін де ең маңызды даму тренді - адами капиталдың сапасы. Зерделі де зерек, білімді де білікті жастары бар елдің қашанда еңсесі биік, ертеңі нұрлы болмақ, - деді Елбасы.

«Біз – ел патриотымыз» халықаралық жастар форумы өтті

Өз сөзінде Бақытжан Темірболат Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнінде өтіп жатқан жиынның маңыздылығын атап өтті.

«Біз – ел патриотымыз» халықаралық жастар форумы өтті

Осы жылдарға дейін еліміз бірталай жетістікке жетті. Біз демократиялық, зайырлы бәсекеге қабілетті елге айналдық. Біздің бүгінгі таңдағы ең үлкен жетістігіміз – білімді де, білікті жастарымыз. Болашағымыздың жарқын болуы соларға байланысты - деді Бақытжан Темірболат.

«Біз – ел патриотымыз» халықаралық жастар форумы өтті

Пленарлық отырысқа Қазақстан Респбликасының мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, «Нұр-Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Ақпараттық және әлеуметтік даму вице-министрі Серік Егізбаев, Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы қатысты.

«Біз – ел патриотымыз» халықаралық жастар форумы өтті

Шара барысында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Шығыс Қазақстан облысының және басқа да өңір әкімдері көшбасшы жастарға онлайн-үндеулерін жолдады.

«Біз – ел патриотымыз» халықаралық жастар форумы өтті

Олжас АДАЙ
Өзгелердің жаңалығы