Біз бейбіт шерушілерге қарсы ешқашан күш қолданбаймыз – Тоқаев

10 Қаңтар 2022, 14:07
1287
Бөлісу:
Біз бейбіт шерушілерге қарсы ешқашан күш қолданбаймыз – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында айтты. 

Біз қазір ҰҚШҰ күштерін енгізудің лигитимділігін көріп отырмыз. Бұл дұрыс ақпарат тарамау мен оқиғаны толыққанды түсінбеудің салдарынан болып отыр. Халықаралық қауымдастықта, әсіресе халықаралық БАҚ-та Қазақстандағы ҰҚШҰ-ның бітімгерлік күшінің жұмысы мен оқиғаны түсінбеудің көріністерін көріп отырмыз. Барлық дерекке қарамастан кейбір дереккөздер Қазақстанда билік пен бейбіт шерушілер арасындағы қақтығыс туралы айтып жатыр. Бұл қате ақпарат.  Біз бейбіт шерушілерге қарсы ешқашан күш қолданбадық және оларға ешқашан  оқ атпаймыз, - деді Тоқаев. 

Президент айтқандай, осыны біле тұра Қазақстанға шабуыл жасаушылар бірқатар агрессия толқынын жүзеге асырды. 

Бастапқы кезеңде бейбіт шеру болды. Кейін Алматыда саяси митингілер өтіп, қалаға үш бағыттан қарулы шабуылшылар келді. Алғашында олар өздерін бейбіт демонстранттар ретінде таныстырып, құқық қорғау өкілдері мен қала тұрғындарын шатастарды. Кейін тарихқа Алматыдағы қайғылы оқиға ретінде енетін оқиға басталды, - деді ол. 

Президент БҰҰ тәртібі бойынша әрбір ел сырттан жау келгенде жеке немесе ұжымдық қорғануға болатынын айтады. 

Жақын арада алдын ала тергеу аяқталған соң әлемдік жұртшылыққа біздің елге қарсы  лаңкестік болғанын деректермен айғақтаймыз. БАҚ пен қоғамдық институттар әлі де жалған ақпарат таратып жатыр. БҰҰ, ШЫҰ, ЕҚЫҰ сынды халықаралық ұйымдар лаңкестер мен қылмыскерлердің қылмысын ашылуына мүдделі деп ойлаймын, - деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы