Көмір тасымалына қатысты туындаған барлық сұрақтарға жауап беруге дайынбыз – ЖШС

5 Қазан 2021, 16:38
3584
Бөлісу:
Көмір тасымалына қатысты туындаған барлық сұрақтарға жауап беруге дайынбыз – ЖШС

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының орынбасары Қанат Көбесов «Самұрық-Қазына» АҚ алаңында өткен брифинг барысында алдағы жылыту маусымындағы көмір тасымалы туралы айтып берді.

Оның айтуынша, көмірді тасымалдау және тиеу жұмыстары ерекше бақылауда.

Жылыту маусымы қарсаңында дәстүр бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық аппаратында көмір тасымалдау жөніндегі жедел штаб, жол бөлімшелерінде - жедел топтар жұмысын қайта бастайды. Штаб отырыстары апта сайын көмір жөнелтушілердің қатысуымен өткізіледі. Штаб вагон айналымын бақылайды, вагондардың жүк операцияларында тұрып қалуын қысқарту жөніндегі шараларды қабылдайды, -деді «ҚТЖ – Жүк тасымалдау» ЖШС бас директорының орынбасары.

Көбесовтың сөзінше, жол бөлімшелерінде мониторингтік топтар құрылды, олар көмір тұйықтарының кірме жолдарында көмірдің болуы туралы ақпарат жинауды жүзеге асырады, проблемалық мәселелерді анықтайды және оларды бірлесіп шешеді.

Барлық темір жол қызметтері тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді. Біз диалогқа және туындаған барлық сұрақтарға жедел жауап беруге дайынбыз, - деп түйіндеді Қ.Көбесов.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің 55% ашық вагондары көмір тасымалдауға арналғанын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы