Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің бас ассамблеясының кезектен тыс отырысы сырттай өтті. Ұйымның жоғары басқару органы бірқатар мәселелерді қарады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі - Қазақстан ҰОК-тың халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президентін сайлау болды.
Жиналыс мүшелерінің бірауыздан қолдауымен Қазақстан ҰОК Атқару комитетінің қазіргі мүшесі Үміт Шаяхметованың кандидатурасы вице-президент лауазымына 2024 жылға дейін қызмет ету мерзімімен бекітілді.
Осылайша, ол еліміздің Олимпиадалық комитетінің тұңғыш әйел вице-президенті болып тағайындалды. Қазақстан ҰОК басшысы Тимур Құлыбаев өзінің құттықтау жеделхатында атап өткендей, Үміт Шаяхметованың ұйымның вице-президенті болып сайлануы отандық спорт түрлеріндегі гендерлік теңдікке бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Бүгін Бас ассамблея Үміт Болатханқызы Шаяхметованы жетекші орындардың біріне мақұлдап, өте маңызды шешім қабылдады. Инклюзия, ынтымақтастық, әртүрлілік және гендерлік теңдік - Халықаралық Олимпиадалық қозғалысты дамытудың негізгі басымдықтары болып саналады және осы саясат пен біздің ұйымға деген міндеттеме абсолютті болуы керек. Біз барлық деңгейдегі әйелдердің спорттағы жетістіктерін көтермелеуге және қолдауға ниет білдіреміз және ұлттық федерацияларды осы бағытта белсенді жұмыс істеуге шақырамыз. Бүгінгі таңда олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрамаларымыздағы әйелдер спортшыларының саны 46% құрайды. ҰОК әкімшілігінің 59% -ы әйелдер, соның ішінде басым бөлігі басшылық лауазымдарда. Біз гендерлік теңдікті және спорттағы және оның көмегімен әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастырамыз, - деді Қазақстан ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев.
Бас ассамблея отырысының қорытындысы бойынша тағы бір маңызды шешім - Ernst & Young (EY) 2021 жылға ҚР ҰОК жылдық қаржылық есептерін қарау және олардың нәтижелерін бекіту үшін тәуелсіз сыртқы аудитор болып тағайындалды.
Ескеретіні бұл британдық аудиторлық және консалтингтік компания әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі болып табылатынын және «үлкен төрттіктің» аудиторлық компанияларының бірі болып есептеледі. Ұлттық Олимпиадалық комитеті Ernst & Young-мен 2016 жылдан бастап жұмыс істейді және оның қызметінің толық ашықтығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.
Бір жылдық үзіліске және бәсекеге қабілетті тәжірибенің жоқтығына қарамастан, спорт біртіндеп әдеттегі, қалыпты жолына оралады. Алайда қазірдің өзінде қатаң шектеулермен,«өзгермелі, тұрақсыз» күнтізбемен, қауіпсіздік ережелеріне қарамастан спортшылардың денсаулығы аса маңызды болып тұр. Бұл Токиодағы Олимпиада ойындары мен бір жылдан кейін Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындары алдындағы маңызды дүние. Ұлттық олимпиадалық комитеті біздің делегацияның барлық аспектілері бойынша ойындардың ұйымдастыру комитеттерімен және халықаралық Олимпиада комитетімен күнделікті байланыста. Мемлекет басшысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің спортшыларының жеке қатысуы мен қолдауының арқасында біздің спортшылар жарыстарға баруға және лицензиялар үшін күресуге мүмкіндік алды. Бірлескен күш-жігермен біз бұл процестің тоқтап қалмауын және спортшылардың дайындалып, барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілуі үшін жұмысты жалғастыруымыз керек, - деді Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті.