Біз бар суды дұрыс пайдаланбай отырмыз – Серік Қожаниязов

28 Қазан 2021, 14:07
43799
Бөлісу:
Біз бар суды дұрыс пайдаланбай отырмыз – Серік Қожаниязов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан мен Ресей арасындағы трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану жөніндегі жұмысты талқылау кезінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов мәлімдеді. 

Оның сөзінше, Жайықтағы су деңгейі күрт төмендеп, өзен арналарында аралдар пайда болған. 

Елімізге келетін судың көбі сырт мемлекеттерден келеді. Халық саны да экономикада өсіп келе жатыр. Сырттан келетін су көбейеді деп айтуы қиын. Су азаймаса көбеймейді. Бұл- әлемдік проблема. Бүгінгі таңда біздің басты мақсатымыз - суды үнемді пайдалану. Өкінішке қарай, қазір біз суды оңды-солды пайдаланудамыз. Мәселенің алдын-алу үшін үнемдеу технологияларын қолданып, заң талаптарын күшейтуміз керек, - деді вице-министр. 

Вице-министрдің айтуынша, елімізде ауыз су тапшылығы жоқ.

Жыл көлемінде қарастыратын болсақ, жеткілікті деңгейде. Бірақ біздің басқа да салаларымыз бар. Мәселен, Жайық деңгейінің түсіп кетуі. Сол өңірде тұратын шаруа қожалықтарына ауыр тиюде. Осыған орай, Жайық өзеніне суды тарту үшін насос құрылғылар орнатылды, - деді Серік Қожаниязов.
Өзгелердің жаңалығы