Бас жаңалықтар
2021 жылдың 5 айындағы ЖІӨ өсімі 1,6 пайызды құрады – Мамин
21 Маусым 2021, 11:33 488

2021 жылдың 5 айындағы ЖІӨ өсімі 1,6 пайызды құрады – Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылдың 5 айында жалпы ішкі өнімнің өсімі 1,6 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Асқар Мамин айтты.

Биыл Қазақстан экономикасы белсенді түрде қалпына келе жатыр. Бес айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 1,6 пайызды құрады. Экономиканың барлық салаларында оң өсім байқалуда. 

Республика бойынша өңдеуші өнеркәсібі экономиканың негізгі драйверлерінің бірі болды. Соның ішінде: машина жасау, химия өнеркәсібі, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп жоғарғы өсімді көрсетті. Құрылыс саласы мен тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша өсу қарқыны жоғары. Ауыл шаруашылығында тұрақты өсу қарқыны байқалады, - дейді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, қызмет көрсету саласында екі ай қатарынан оң өсу серпіні белгіленген. Бұған септігін тигізген негізі факторлар сауда, байланыс, жылжымайтын мүлікпен операциялар, қаржы және сақтандыру қызметі салалары болды деп отыр.

Өндірістік емес салаларда жоғары инвестициялық белсенділік байқалады, бұл экономиканы әртараптандыру арқылы орнықты әрі сапалы дамуы үшін негіз болады. Негізгі капиталға инвестициялардың өсімі тау-кен өндіру өнеркәсібін ескермегенде 25,5 пайыз құрады. Құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, оның ішінде тамақ өнімдері өнеркәсібі, ақпарат және байланыс, ауыл шаруашылығы, сауда, жылжымайтын мүлікпен операциялар және көлік салаларына инвестициялар елеулі өсті, - дейді Үкімет басшысы.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...