Биылғы оқу жылының ұзақтығы мен каникул мерзімдері бекітілді

4 Тамыз 2021, 11:10
8385
Бөлісу:
Биылғы оқу жылының ұзақтығы мен каникул мерзімдері бекітілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрі 2021 жылғы 27 шілдеде «Орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және демалыс кезеңдері туралы» бұйрыққа қол қойды.

Осылайша меншік түріне және ведомствоға бағыныштылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және демалыс кезеңдері келесідей болады деп көрсетілген:

- 2021-2022 оқу жылының басталуы - 2021 жылғы 1 қыркүйек;

- 1-сыныптағы оқу жылының ұзақтығы - 33 оқу аптасы, 2-11(12)-сыныптарда - 34 оқу аптасы;

Оқу жылы барысындағы демалыс кезеңдері келесідей:

- 1-11(12)-сыныптарда: күзгі демалыс - 7 күн (2021 жылғы 1-7 қараша аралығы), қысқы демалыс - 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 9 қаңтар аралығы), көктемгі демалыс - 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурыз аралығы);

- 1-сыныптарда: қосымша демалыс күндері - 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығы).

Аталған бұйрық 2021 жылғы 9 тамызда күшіне енеді.

Еске салсақ, кеше білім министрі Асхат Аймағамбетов алдағы оқу жылында мектеп формасына қатысты мәселені көтерген болатын. Елімізде пандемияға дейін мектеп формасын кию міндетті болды. Бірақ өткен жылы барлық жағдайды ескере отырып, биыл оқушыларға мектепке тек мектеп формасында ғана емес, сонымен қатар классикалық стильдегі киімде де келуге мүмкіндік беретін шешім қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы