Биылғы оқу жылында қандай өзгерістер болады?

27 Шілде 2021, 15:29
21873
Бөлісу:
Биылғы оқу жылында қандай өзгерістер болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев биылғы оқу жылында қандай өзгешеліктер болатыны туралы министрліктің аппарат жиналысында баяндап берді.

Ол атап өткендей, былтырғы тәжірибені зерттей келе, биыл әдістемелік нұсқаулық хат барлық мектепке жеткізіледі.

Ғани Бейсембаев аппарат жиналысында биылғы оқы жылында енгізілетін өзгерістер туралы айтып берді.

Ең алдымен заң шеңберінде оқушылардың оқу жүктемелері қарастырылып отыр. Сондай-ақ Әліппе (Букварь) оқулықтарын енгізіліп отыр. Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың оқу бағдарламаларының өзгерістері, дене шынықтыру сабақтары бағдарламасына шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі енгізіледі, - деді ол.
Сонымен қатар мектепті басқару ісіндегі директорлардың ротациясы, мұғалімдерді жұмысқа қабылдау мәселесі, мектеп пен ата-аналардың қарым-қатынасы, білімдегі олқылықтардың орнын толтыруға қатысты мәселелер қозғалып отыр.
Тәрбие саласында былтырдан іске асырылып келе жатқан «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектептегі қарым-қатынас, инклюзия, медиацияға қатысты барлық мектепте күнделікті 20 минут кітап оқу мәселесі әдістемелік нұсқаулыққа енгізілді, - деп түсіндірді Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев.
Өзгелердің жаңалығы