Биылғы қаңтар-қыркүйекте қанша автокөлік тіркелді?
20 Қараша 2021, 18:47 100

Биылғы қаңтар-қыркүйекте қанша автокөлік тіркелді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстан Республикасында 610120 жеңіл автомобиль тіркелген, 2020 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,6%-ға көп, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3824,2 мың бірлікті құрады, - делінген хабарламада.

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте 9422 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 13844 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 5,5%-ға көбейді.

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 27,2 млрд теңге сомасында 60482 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.


Фото: дереккөз
Загрузка...