Биыл жатахқанада 5 мың жаңа орын беріледі – Сағадиев

22 Қаңтар 2019, 11:59
1260
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасына сәйкес жатақханадағы жаңа орындарды енгізу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкімет отырысында мәлімдеді.

«2019 жылы 5 мың орынды енгізуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта 3,5 ай ішінде 11 мың астам орынға 20 өтініш келіп түсті, 6500 орынға 12 шарт жасалды. Олардың көбісі салына бастады. 5 мың орын толығымен биылға бекітілді. Осы айдың соңына дейін келесі жылы берілетін жобалар – 4600 орынға тағы 8 шарт жасау жоспарлануда. Жоба іске асқаннан бастап білім беру ұйымдары өз қаражаты есебінен, әкімшіліктер де көмектесіп, мемлекеттік тапсырыс механизмін қолданбай 3 мыңға жуық орындық 10 объекті енгізілгенін атап өткен жөн. Оны өздері салды», - деді ол.

Сағадиев 2022 жылдың соңына дейін 75 мың жаңа орынды енгізу үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

«170 жер учаскесі анықталды. Олардың 121-і білім беру ұйымдарына тиесілі, 50-ін әкімдіктер бөлген. 107 жоба бойыша қаржыландыру көздері анықталған. 50 жобаны ЖОО, банк қаражаты есебінен, 57 жобаны инвесторлар қаражаты есебінен іске асыру жоспарланып отыр. Бұл механизмге жеке секторды тартуды күшейту қажет», - деді министр.

Ведомство басшысы бизнестің жол картасын 2025 жылға дейін ұзарту шеңберінде құрылыс салушылардың кредиттік ставкасын субсидиялауды ұсынды. Сондай-ақ, реконструкция механизмін белсенді пайдалану қажеттілігі туралы өңірлердің назарын аударды.

«Қазіргі уақытта жарияланған 20 жобаның алтауы реконструкция арқылы 1200 орынды енгізуді жоспарлап отырмыз. Реконструкция қосымша жер бөлуді және көп қаржы шығындарын қажет етпейді, объектіні қысқа мерзімде енгізуге мүмкіндік береді», - деді Сағадиев.

Назерке Абибулла

 

Өзгелердің жаңалығы