Бас жаңалықтар
Биыл жастар ресурстық орталығынан 300 жас көмек алған – Балаева
24 Қараша 2021, 10:38 529

Биыл жастар ресурстық орталығынан 300 жас көмек алған – Балаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық жастар форумында айтты.

2015 жылы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң қабылданды. Ол жастар ресурстық орталықтарының жұмысына серпін берді. Бүгінде өңірлерде 209 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Тек биыл жастар ресурстық орталығынан мекенжайлық көмекті 800 мыңнан астам жас алған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды қолдауды елдің стратегиялық бағыттарының біріне қосты, - деді ол.

Балаева атап өткендей, Мәжіліс және мәслихат сайлауына үміткерлерге 30 пайыз жастар квотасы енгізілгенін де атап өтті.

Тағы бір талантты жастарды қолдаудың стратегиялық шарасы - Жастар кадрлық резерві. Бағдарлама аясында білімді жастар мемлекеттік басқару ісіне араласа бастады. Қазір резервке қабылдаудың екінші кезеңі өтіп жатыр. Оның аясында қосымша 150 жас кәсіби қызметкерді іріктеу жоспарланып отыр, - деді министр.

Балаева Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіңздіктің басынан бастап жастардың дамуына ерекше көңіл бөлгенін айтты.

Бүгінде сіздердің алдарыңызда барлық есік ашық. Сіздердің парыздарыңыз – ұлтты нығайта түсу, - деді министр.



Фото: дереккөз
Загрузка...