Биыл жұмыс істейтін жастарға қанша пәтер беріледі

20 Маусым 2019, 13:32
1261
Бөлісу:
Биыл жұмыс істейтін жастарға қанша пәтер беріледі
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жастар жылы аясында жұмыс істейтін жастарға мыңға жуық пәтер беріледі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты. 

«Ұлт Көшбасшысы – Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Осы жыл аясында 89 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Мысалы, тек бір жобаны айтар болсақ, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесе жұмыс істейтін жастар үшін миллион тұрғыны бар ірі қалаларда мыңға жуық пәтер беріледі. Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе «Жастар – ел тірегі» жобасы аясында «Жас маман» және «Жас кәсіпкер» екі ірі жоба іске асырылып жатыр. Бұл жобалар бойынша Қазақстанның миллионға жуық жас азаматы қандай да бір дәрежеде біліктілігін арттырып, жеке бизнесін ашу үшін шағын несие алу мүмкіндігіне ие болады. Бағдаралма үш жыл ішінде жүзеге асырылады», - деді Дәурен Абаев.
Өзгелердің жаңалығы