Биыл волонтерлік бастамаларды қолдауға қосымша 20 грант бөлінді – елорда әкімі

22 Маусым 2021, 11:18
3076
Бөлісу:
Биыл волонтерлік бастамаларды қолдауға қосымша 20 грант бөлінді – елорда әкімі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов Үкімет отырысында волонтерлік қызметті қолдауға биыл қосымша 20 грант бөлінгенін айтты.

Қала әкімі айтқандай, маңызды бағыттардың бірі – волонтерлік қызметті ынталандыру және олардың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасау.

Биыл Жастар сарайында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнда қалалық волонтерлік штаб орналасады.

Биыл волонтерлік бастамаларды қолдауға қосымша 20 грант бөлінді. Жобалар экология, медицина, журналистика, тарих, мәдениет, спорт және IT салаларындағы мәселелерді шешуге бағытталған. Smart Astana базасында волонтерлерге берілетін сыйақыны біркелкі жүйеге келтіру қарастырылған, - деді әкім.

Сонымен қатар жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды. Биыл тағы үш орталық ашу көзделіп отыр.

Былтыр пандемия кезінде көмек көрсеткені үшін 60-тан астам волонтер «Халық алғысы» мемлекеттік медалімен марапатталды. Бір азамат «Құрмет грамотасы» мемлекеттік марапатын және тағы бір волонтер «Шапағат» медалімен марапатталды. Сондай-ақ 370 адам Елбасы мен Мемлекет басшысының Алғыс хаттарына ие болды, - деп атап өтті Алтай Көлгінов.
Еске салсақ, Көлгінов Волонтерлер жылы шеңберінде елордада волонтерлік қызметті одан әрі дамыту үшін қандай шаралар қабылдандғанын айтты.
Өзгелердің жаңалығы