Бас жаңалықтар
Биыл ҰБТ тапсыруға екі мүмкіндік беріледі
16 Сәуiр 2021, 19:51 265

Биыл ҰБТ тапсыруға екі мүмкіндік беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Жаңа форматтағы ҰБТ 5 пәннен тұрады, 3 міндетті пән және таңдаған мамандыққа байланысты 2 бейіндік пән. Оқушы ҰБТ тапсыратын аудан, қаланы өз қалауы бойынша таңдайды. 

Сондай-ақ биыл мемлекеттік грантқа тапсыруға тестілеуден өтуге 2 рет мүмкіндік беріледі. Қайсысында жоғары балл жинаса, сол нәтиже есепке алынады. 

Бұл туралы брифингте Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев мәлімдеді.

Биыл 2020-2021 оқу жылында Түркістан облысы бойынша жалпы 919 мектепте 499 894 оқушы білім алды. Оның ішіндегі түлектер саны – 27 410. Бүгінде олардың 22 535-і ҰБТ тапсыруға ниет білдірген. Тестілеу уақыты – 240 минуттан тұрады. Оқушы тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляцияға бере алады. Апелляцияға тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут аралығында беріледі.

Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, облыста 5 аудан, қала орталығында және Шымкент қаласында орналасқан «USTUDY» тестілеу орталықтарында ҰБТ компьютерлік форматта өткізіледі. Атап айтқанда, Түркістан және Шымкент қаласы мен Жетісай, Сарыағаш, Ордабасы және Созақ аудандарында орналасқан тестілеу орталықтарында өтеді. Орталықтарда жалпы 21 аудиторияда 600 орын дайындалған. Тестілеу «бір тестіленуші-бір компьютер-бір камера» принципі бойынша компьютерлермен жабдықталған орталықтарда өтеді. Тестілеуге қатысуға өтініштер http://app.testcenter.kz/auth сайтында 2021 жылдың 17 сәуірінен бастап қабылданатын болады. Тестіленуші өз бетінше тіркеле алады, - деді басқарма басшысы.

Орталықтарда ҰБТ өткізу барысында санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың барлық талабы қамтамасыз етілген.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...