Биыл Түркістанда 503,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
19 Қараша 2021, 14:11 77

Биыл Түркістанда 503,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Биыл Түркістан облысында 800 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі.

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

Жыл басынан бері құрылыс жұмыстарына 209,2 млрд теңгені құрады. «Нұрлы жер» бағдарламасы тұрғын үй құрылысына үлкен қарқын берді. 10 айда 503,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, былтырғы межеден асты. Биыл 800 мың шаршы метр тұрғын үй беріледі, - деп атап өтті Шөкеев.
Сондай-ақ әкімнің сөзінше, 232 тұрғын үй құрылысы тек қана Түркістан облысында жүргізіліп жатыр, жыл соңына дейін 42 тұрғын үй эксплуатацияға беріледі.
Нәтижесінде, 549 көп балалы және әлеуметтік осал топтағы отбасы баспанамен қамтылады. Ал, 2 096 отбасы жеңілдетілген несие арқылы пәтер сатып алу мүмкіндігіне ие болады, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Фото: дереккөз
Загрузка...