Биыл тұқым шаруашылығын субсидиялауға 12 млрд теңге бөлу қарастырылған

4 Наурыз 2021, 17:29
1479
Бөлісу:
Биыл тұқым шаруашылығын субсидиялауға 12 млрд теңге бөлу қарастырылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттары және инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы» өткен онлайн брифинг барысында ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Назгүл Хатипова айтты.

Егіншілік шаруашылығында тұқым сапасына аса мұқият көңіл бөлу керек. Себебі тұқым – кез келген ауыл шаруашылығы өнімінің бастауы. Бүгінде министрлік тарапынан да, Үкімет тарапынан да тұқым шаруашылығын қолдау шаралары жүргізіліп жатыр. Соның ішінде 2020 жылы тұқым шаруашылығын субсидиялауға 14 млрд теңге бөлінсе, биыл 12 млрд теңге бөлу қарастырылған. Бұл дегеніміз – ауылшаруашылық тауарын өндірушілер көктемгі дала жұмыстары барысында сатып алған тұқымның белгілі бір мөлшерін субсидия ретінде өздеріне қайтарып ала алады деген сөз, - деді ол.

Назгүл Хатипова брифинг барысында тұқым сапасына қатысты мәселеге де тоқталды. Оның айтуынша, тұқым сапасы жылдан жылға жақсарып келе жатыр.

Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау шараларының арқасында жоғары репродукциялы тұқым көлемі жыл сайын артуда. 2020 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 90%-дан жоғары болды. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Сондықтан тұқым сапасы сын көтермейді деу қисынсыз. Әрбір тұқымдық материал көктемгі дала жұмыстарының алдында арнайы зертханалардан тексерістен өткізіледі. Яғни тұқымдық қасиеттерінің барлығы сақталған тұқымдар ғана себуге жіберіледі, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы