Биыл сыбайлас жемқорлық істері бойынша 1,5 миллиардтан астам айыппұл салынған

23 Шілде 2021, 14:46
1603
Бөлісу:
Биыл сыбайлас жемқорлық істері бойынша 1,5 миллиардтан астам айыппұл салынған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл мәліметтерді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров «Antikor news» жобасы аясында өткен брифинг барысында хабарлады.

«Antikor news» жобасында белгілі болғандай, 141 тұлға сотталған. 141 адам бас бостандығынан айырылса, 47 адам шартты мерзім түрінде бас бостандығы шектелді. Қалған 8 адамның жазасын өтеу кейінге қалдырылған. Ал 288 адамға еселенген айыппұл салынды. Еселенген айыппұлдың жалпы сомасы 1,5 млрд теңге, нақтылап айтатын болсақ, 1 619 947 971 теңгені құрайды.

563 тұлғаға қатысты қосымша жазалау шаралары қолданылды. Атап айтатын болсақ, 464 тұлға белгілі лауазымды иелену немесе белгілі қызметпен айналысу құқығынан айырылды. 94 адам арнайы, әскери немесе құрметті лауазым, кластық шен, дипломаттық ранг, біліктілік класы мен мемлекеттік наградаларынан айырылды. 5 адамның мүліктері тәркіленді, - деді агенттік тергеушісі Данияр Бекайдаров.

Бұған дейін 100-ден астам лауазымды тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер бойынша ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы