Бас жаңалықтар
Биыл сотта қаралатын істердің саны 9 миллионға жетеді – Асанов
14 Ақпан 2019, 11:25 462

Биыл сотта қаралатын істердің саны 9 миллионға жетеді – Асанов

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов Сенат отырысында осындай болжам жасады.

«Осыдан үш жыл бұрын 2016 жылы соттардың қараған істері мен материалдарының саны 1,7 млн болған. 2017 жылы - 2,7 млн. Былтыр өсім 68 пайыз болды, 4,5 млн іс пен материалды соттар қарады. Бұл салмақтың барлығы бірінші сатыдағы судьялардың мойнына ілінеді. Ал өткен қаңтарда 2018 жылмен салыстарғанда 2 есе көп болды. Егер ештеңе істемесек, биыл соттардың қарайтын істерінің саны 9 миллионға жетуі мүмкін», - деді Асанов.

Жоғарғы сот төрағасының айтуынша, бүгінгі күні судья вакансиясының 16 пайызы бос. Өйткені, қазір оларға қойылатын талаптар күшейтілген.

Атап өтсек, бүгінгі отырыста «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды. Бұған қоса, «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасы қабылданды.

Қымбат Елтайқызы


Загрузка...