Биыл ШҚО-да 647 мың шаршы метр тұрғын үй салынады

1 Қазан 2021, 00:22
1179
Бөлісу:
Биыл ШҚО-да 647 мың шаршы метр тұрғын үй салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында барлық қаржыландыру көздері есебінен 2021 жылы 647 мың шаршы метр немесе 6 мың тұрғын үй салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды  ИИДМ баспасөз қызметі.

Шығыс Қазақстан облысы халқының әлеуметтік аз қорғалған топтарына жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй құрылысына осы кезеңде 11 млрд 169 млн теңге мемлекеттік инвестиция бағытталды. Қазіргі уақытта кезекте тұрғандар жалпы ауданы 47 мың шаршы метр болатын 830 пәтер алды. Жыл соңына дейін жеңілдетілген баспана алу кезегінде тұрған тағы 1106 отбасы пәтер кілтіне ие болады.

Жалпы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым мен әлеуметтік жалға берілетін және несиелік тұрғын үй құрылысына мемлекет 19 млрд 869 млн теңге бөлді.

Әлеуметтік тұрғын үй салу барысында өңір тұрғындары үшін 1346 жаңа жұмыс орны ашылды.

Өзгелердің жаңалығы