Бас жаңалықтар
Биыл Шет ауданында 30-дан астам отбасы баспаналы болады
23 Қыркүйек 2021, 07:42 367

Биыл Шет ауданында 30-дан астам отбасы баспаналы болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шет ауданында жыл соңына дейін 30-дан астам отбасы баспанамен қамтылады. Ақсу-Аюлыда екі пәтерлі жеті үйдің құрылысы аяқталуда. Сонымен қатар, әкімдік кезекте тұрғандар үшін 18 үй сатып алды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Шет ауданында болды. Өңір басшысы жалға берілетін тұрғын үй құрылысының барысымен және жолдардың жөнделуімен танысты.

Ауданда ауылішілік жолдар белсенді түрде жөнделуде. Алты елді мекендегі 23 көше ретке келтірілді.  «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша тағы да бірнеше ауылдың жолдарына орташа жөндеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта 9 көше жөнделді. Шет ауданының ауылішілік жолдарының жартысынан көбі жақсы жағдайда, келесі жылы қалған көшелерді жөндеу жоспарлануда.

Жеңіс Қасымбекке ауданның жылу беру маусымына дайындығы туралы да баяндалды.

Биыл 17 білім беру және бес мәдени мекеме, бір денсаулық сақтау ұйымы және екі тұрғын үйдің жылу жүйесі жөнделді, – деп хабарлады Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров. – Барлық коммуналдық мекемелер көмірмен қамтамасыз етілген.

Мұхит Мұхтаровтың айтуынша, Ағадырда қолданыстағы кәріз желілері кеңейтілуде. Қызметке қосымша үйлер қосылады. Бұл жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ кенттің төрт көшесінде сумен жабдықтаудың резервтік желісін жүргізу жүріп жатыр.

Ауданда бұқаралық спортты дамытуға да айтарлықтай көңіл бөлінуде. Қазіргі заманғы бассейн ашып, оған күрес залын қосу жоспарда бар.

Сапар соңында облыс басшысы құрылыс қарқынын бәсеңдетпеуді және кезекте тұрғандар үшін тұрғын үйді мерзімінде беруді тапсырды.



Фото: дереккөз
Загрузка...