Биыл Павлодарда 500 жұмыссыз адамға оқу курстарына жолдама ұсынылады

8 Қаңтар 2019, 17:35
1337
Бөлісу:
Биыл Павлодарда 500 жұмыссыз адамға оқу курстарына жолдама ұсынылады

Астана, baq.kz. 2019 жылы жұмыспен қамту орталығы 500 жұмыссыз адамды оқуға бағыттайды. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлады.

«Оқыту өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Ұзақтығы кәсіптің ерекшелігіне қарай - бір айдан алты айда дейін. Қысқа мерзімді курсты аяқтағаннан кейін бағдарлама қатысушыларына 16759 теңге мөлшерінде шәкіртақы ұсынылады және оқуды төлеу бойынша мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Оқуды аяқтағаннан кейін 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жаңа бизнес-ойды жүзеге асыруға мемлекеттік грантты алу үшін үміткер бола алады», - дейді Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметінде.

Өткен жылы жұмыспен қамту орталығының бағыттауы бойынша 581 жұмыссыз адам кәсіби оқудан өтіп, бекітілген үлгідегі куәлікке қол жеткізді.

Оқу еңбек нарығында сұранысқа ие 29 мамандық бойынша ұйымдастырылды. Оның ішінде электржөндеуші, есепші, тігінші, шаштараз, ас пісіруші, техник-бағдарламашы және т.б мамандықтар бар.

Курсқа қатысты сұрақтар бойынша Павлодар қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінуге болады.

Өзгелердің жаңалығы