Биыл Павлодар облысынан көшкен адамдардың жартысы Нұр-Сұлтанға көшкен

25 Маусым 2019, 22:12
1385
Бөлісу:
Биыл Павлодар облысынан көшкен адамдардың жартысы Нұр-Сұлтанға көшкен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы қаңтар-сәуірде облыстан 3987 адам қоныс аударған. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Павлодар облысы статистика департаментінің басшысы Жеңіс Шақатов айтты.

«Оның ішінде республикадан тыс жерлерге 1419 адам, ТМД елдеріне 1294 адам көшті (99,8% Ресейге кетті). 125 адам әлемнің басқа елдеріне кетті (82,4% Германияға көшіп кетті). Қазақстанның басқа өңірлеріне қоныстанған 2568 адамның 50%-ы Нұр-Сұлтан қаласына, 10%-ы Алматы қаласына бет алған», - дейді Жеңіс Шақатов.

Спикердің айтуынша, біздің облысқа қоныс аударғандардың саны 2593 адамды құраған. Оның ішінде сыртқы көші-қон бойынша келген 100 адамның ішінде ТМД елдерінен – 79 адам (89,9% Ресейден келді), әлемнің басқа елдерінен 21 адам (42,9% - Германиядан).

2493 адам Ертіс өңіріне Қазақстанның басқа облыстарынан келген. Оның ішінде 21%-ы – Алматы облысынан, 20% -ы – Нұр-Сұлтан қаласынан. Иммигранттардың ішінде ең үлкен үлес салмағын орыстар (40%) және қазақтар (25%) құрайды. Эмигранттар арасында орыстар (72,3%) және украиндар (9,7%) басым.

Өзгелердің жаңалығы