Биыл өрттен қанша адам қаза тапты?
08 Қараша 2021, 12:43 135

Биыл өрттен қанша адам қаза тапты?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз брифингінде айтты.

Биылғы 10 айда 9 мыңнан астам өрт болып, одан жарақат алғандар саны 358, қазақ болғандар саны 297 адамды құрады. 4396 адам құтқарылды. Өрттің тұрғын үй секторында 13,6 пайызға төмендегені байқалады. Өрт санының жалпы төмендеуі кезінде қаза тапқандар саны 16 пайызға, жарақат алғандар саны 45 пайызға артып отыр, - деді Дербісов.

Ол атағандай, жылыту маусымы алында өрттің алдын алу шаралары үнемі өткізіліп отырады.

Бұл жұмыстарға құтқарушылар мен полиция қызметкерлері тартылды. Биыл да бұл жұмыс жүзеге асырылып жатыр. 2019 жылдан бастап ТЖМ бастамасы бойынша халықтың әлжуаз топтарына баруды әкімдіктермен бірлесіп жүзеге асырылуда, - деді Нұрболат Дербісов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...