Биыл меморгандардың ақпараттық жүйелері 482 сағат жұмыс істемеген
25 Қазан 2021, 11:07 872

Биыл меморгандардың ақпараттық жүйелері 482 сағат жұмыс істемеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

Электрондық қызметтерді бағалау бірнеше көрсеткіш бойынша жүргізіледі.

Министрлік мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін жұмыс жүргізіп келеді. Атап айтқанда, қызмет көрсету мерзімдерін беру мониторингі, eGov порталында қызмет алу сапасын бағалауы, ХҚКО-да қызмет көрсету сапасын бағалауы, ахуалдық орталық арқылы «сапаны нашар» деп бағалаған азаматтармен кері байланыс орнату, - деді министр.

2020-2021 жылдары қай меморганның ақпараттық жүйесі істен шыққанын атап өтті.

2020 жылы Денсаулық сақтау министрлігі 83 сағаттан астам, Бас Прокуратураның жүйелері 60 сағаттан астам уақыт істен шыққан. 2021 жылы 9 айдың ішінде 482-ден астам уақыт мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері жұмыс істемеген, - деп атап өтті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Ол Мемлекеттік қызметтерді азаматтарымызға ыңғайлы және сапалы көрсету үшін министрлік «Цифрлық трансформация» орталығы аясында жаңа тәсілдерді енгізіп жатқанын айтты. Олар – мемқызметтердің проактивті түрде қызмет көрсетілуі, танымал қосымшалар арқылы қызмет көрсетілуі, цифрлық құжаттарды енгізу, биометрияның қызметтерге енгізілуі, телефон арқылы қызмет көрсету.


Фото: дереккөз
Загрузка...